Жиі қойылатын сұрақтар

Белсендіру кодын қайдан алуға болады?

Alash Electronics жинағының қорапшасында: бірегей кодты карточка бар.

Код сәйкес келмесе не істеу керек?

Кодты дефистерімен бірге толық енгізгеніңізді тексеріңіз. Кодтарда 0 және 1 цифрлары мен O, I, L әріптері қолданылмайды. Код бәрібір жұмыс істемесе, alashed.edu@gmail.com мекенжайына жазып, карточканың фотосын қосыңыз.

Курсты жинақсыз сатып алуға бола ма?

Жоқ. Қолжетімділік тек Alash Electronics жинағындағы кодпен ашылады.

Бір код: бір курс па?

Иә. Әр код нақты бір курсқа байланған және бір рет белсендіріледі.

Қолжетімділік мәңгілікке ме?

Иә. Белсендіргеннен кейін курс аккаунтыңызға мерзімсіз ашық, кез келген құрылғыдан кіре аласыз.

Кодты басқа адамға беруге бола ма?

Код белсендірілмегенше болады. Белсендіргеннен кейін курс аккаунтқа байланады және берілмейді.

Құпиясөзімді ұмыттым

Кіру бетінде «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» сілтемесі бар. Көрсетілген поштаға қалпына келтіру сілтемесі келеді (1 сағат жарамды). Хат келмесе, «Спам» бумасын тексеріңіз.