Пайдалану шарттары
2026 жылғы 1 қарашадағы редакция
Сайт операторы
«ALASHED» ЖШС, БСН 250140031668. Alash Electronics сауда белгісі.
1. Қызмет туралы
Courses wiki: Alash Electronics жинақтарына арналған оқу курстары бар сайт. Курс жинақтағы белсендіру коды арқылы ашылады.
2. Қолжетімділік
- Курсқа қолжетімділік тек жинақтағы код арқылы беріледі. Курсты жинақсыз бөлек сатып алуға болмайды.
- Бір код бір курсты бір аккаунтқа ашады, мерзімі жоқ.
- Код бір рет белсендіріледі. Белсендірілген кодты немесе аккаунтты басқа адамға беруге болмайды.
3. Ережелер
- Курс материалдары жеке оқуға арналған. Alash Electronics-тің жазбаша келісімінсіз оларды көшіруге, жариялауға және қайта сатуға болмайды.
- Құпиясөзді басқаларға бермеңіз және біреудің аккаунтын қолданбаңыз.
- Ережелер бұзылса, аккаунтқа қолжетімділікті жабуымыз мүмкін.
4. Жұмыс қауіпсіздігі
Курстар электроникамен, қуат көздерімен және механикамен жұмысты сипаттайды. Сабақтардағы қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз; балалар жинақпен ересектердің қарауымен жұмыс істегені жөн. Құрастыру мен іске қосу кезіндегі өз әрекеттеріңіз үшін өзіңіз жауап бересіз.
5. Материалдардың өзгеруі
Біз курстарды жақсартып, жаңартып отырамыз. Сабақтар өзгеруі, ал үшінші тарап сілтемелері уақыт өте ескіруі мүмкін.
6. Байланыс
Қолжетімділік, код және шарттар туралы сұрақтар: alashed.edu@gmail.com.